367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің қаржы министрі халық алдында есеп берді

  • 232
  • UPD: 18:45, 20.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп берді. Өткен жылы қазына қаржысы қайда жұмсалды, бюджет қалай игерілді, биыл қандай жоспар бар?

Бюджеттің бүйірі биыл қалай толыпты? Игерілмей қалған, теңге бар ма? Бас қаржыгердің есебі қандай?

Мәншүк Мақсұтқызы, тілші:

- Мемлекеттік бюджеттің кірісі 7 трлн теңгені құрады. Жоспарды асыра орындадық дейді министр. Бұған салық түсімдерінің артуы себеп. Ал бюджеттің шығысына келер болсақ министр қазына қаржысы 99,8 пайызы игерілді дейді. Әлеуметтік салаға әдеттегідей бюджеттің тең жартысы жұмсалған. Өткен жылы бюджетке ұлттық қордан 1,5 трлн теңге аударылған. Бұл қаражат әдеттегідей жол құрлысы, банктерді сауықтыруға жұмсалды. Ал биыл қаржы министрлігі ұлттық қордан ақша алмаймыз деп отыр. 

Ендеше қазір жағдайы мүшкіл екінші деңгейлі банктер мемлекетке ауыз ашпаса болады деген сөз ғой бұл?

- Көмектің өзге де тетіктері болады, ал жұмыс жасамайтын несилереді жабуға мемлекет енді көмектеспейтінге ұқсайды. Бұл әділетті секілді. Өйткені ешбір елдің бюджеті мұндай шығындарды көтере алмасы анық. Министр бұл болашақтың, ұрпақтың қамы деп отыр.

Осы категория бойынша: « Түркістанда 13 мың 44 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген Алдағы уақытта ресейлік бензинді импорттауға тыйым салынатын болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы