365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еурокомиссия Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауды ұсынды

  • 136
  • UPD: 23:20, 19.09.2018
Еурокомиссия Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауды ұсынды

Сауда жөніндегі еурокомиссар Сесилия Мальмстрёмның айтуынша, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысы ұйымды реформалау қажеттілігін айқын көрсеткен.

Естеріңізге салайық, ресми Вашингтон Қытай импортына баж салығын қайта көтерді. Бейжің де қарымта шаралар қабылдап жатыр. Еурокомиссия мүшелері «бұл жағдай әлемдік экономиканы шайқалтты» дейді. Олар ұйым жұмысын реформалау жөніндегі ұсыныстарын 20 қыркүйекте Женевада өтетін кездесуде ресми жарияламақ.

Сесилия Мальмстрём, ЕО сауда жөнінде комиссары:

– Сауда соғысы жақсылыққа әкелмейді. Қатынастардың асқынуы өкінішті. АҚШ-тың Қытай мен оның саясатына айтылған сынының кейбір тұстарымен келісеміз, және осы мәселелерді Дүниежүзілік сауда ұйымында шешуге тырысып жүрміз. Бірақ Қытайды жаңа тарифтерге көндіру үшін АҚШ қабылдаған тәсілдерімен келісе алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы