Қостанайдағы зауытта қытайлық инвесторлар жаңа брендтегі көліктер шығармақ
- 1461
- UPD: 13:58, 04.01.2019

Биыл Қостанай облысында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Соның екеуін қытайлық кәсіпкерлер қаржыландырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аспан асты елінің инвесторлары жергілікті зауытта жаңа брендтегі көліктер шығаруды бастайды. Әріптестік аясында жылына шамамен 25-30 мың темір тұлпар құрастырылады. Ал 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш 3 есе ұлғайып, өнімнің 30% шетел нарығында саудаланбақ. Облыстың экспорттық әлеуетін арттыратын тағы бір жоба - астықты терең өңдеу кешені. Нысанның құрылысы мамыр айына белгіленген. Сонымен бірге Рудныйдағы тау-кен өндіру бірлестігі Магнитогорск зауытымен бірлесіп, Қашар кентінде «ақылды фабрика» жобасын іске қосады. Тұтастай алғанда, 2019 жылы Тобыл өңіріне 1 миллиард 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тарту көзделген.
Сергей Могилатов, автозауыт директорының орынбасары:
- Біздің зауытта қытайлық көліктердің екі моделі шығарылады. Өткен жылы құны 1 млрд теңгеден асатын автомобильдерді экспортқа жөнелттік. Негізінен біздің нарық Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәжікстанды қамтиды.