378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық бірлестік Испанияда өз өнімдерін ұсынды

  • 244
  • UPD: 15:10, 26.02.2019
Қазақстандық бірлестік Испанияда өз өнімдерін ұсынды

Испанияның Барселона қаласында мобильді және цифрлық технологияға арналған дүниежүзілік конгресс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстаннан шараға осы саладағы көшбасшы Ұлттық телебайланыс компаниясы қатысып жатыр.

Барселонадағы Конгресс – мобильді және цифрлық технология индустриясы үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген байланыс саласының компаниялары соңғы инновацияларын ұсынып, тәжірибелерімен бөліседі. Даму бағыттарын талқылайды. Қазақстандық байланыс операторларға бұл шара әлемдік нарық көшбасшыларымен әріптестікті нығайтатын, тиімді стратегиялық шешімдерді табуға мол мүмкіндік тудыратын алаң.

Нұрлан Мейірманов, инновациялар жөніндегі директор:

– Біз мұнда нарықтағы дайын тауарларды тұтынатын оператор ғана емес, өз өнімдері бар бірлестік екенімізді көрсетпекпіз. Қазір көрмеге өзіміз дайындап шығарған құрал-жабдықтар қойылған.

Конгресте талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – 5G технологиясын енгізу мәселесі. Қазақстандық павильонда осы технологияны енгізу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Виталий Ярошенко, ҚР ҚжАӨМ телебайланыс комитетінің төрағасы:

– Стандарт әлі қабылданған жоқ. Ол күзде Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында талқыланады. Қазір Ericsson, Nokia, Huawei сынды алыптар осындай желіні ендіруге қатысты өз шешімдерін ұсынуда. Біздің елде осы желіні ендірудің алғашқы сынағы жүргізіліп, соның негізінде қорытынды жасалатын болады.

Биылғы мобильді конгрестің тақырыбы - зияткерлік байланыс. Сондықтан шараға қатысушылар Смарт-сити саласындағы қазақстандық жетістіктерге ерекше қызығушылық танытуда. Қазір елімізде саусақтың ізін, дауысты және бет-әлпетті биометрлік анықтау бойынша технологияны енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл келешекте кей бизнес процестер мен мемлекттік қызметтерді сандық жүйеге көшіруге көмектеседі. Ал дүниежүзілік мобильді конгресс 4 күнге созылады. Осы уақыт аралығында шараға 100 мыңнан астам адам қатысады.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы