375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысы МКД декларация қабылдауға дайындалып жатыр

  • 214
  • UPD: 07:22, 06.03.2019
Қызылорда облысы МКД декларация қабылдауға дайындалып жатыр

Келесі жылдан бастап еліміздің барлық азаматтары декларация тапсырады. Олардың қатарына оралмандар, мүлікке ие немесе үлесі бар кәмелеттік жасқа толмаған балалар да кіреді.

Сондай-ақ Қазақстан аумағында меншік мүлкі бар шетелдіктер де активтерін жария етуі тиіс. Ел азаматтары банктік шоттардағы ақшасын және 5880 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қолындағы қаржысын да ашып көрсетулері керек. Сонымен қатар қарыз-берешегінің көлемі мен қорадағы төрт түлігінің ветеринарлық құжаты да сұралады. Қызылорда облысының кірістер департаментінің мамандары сырбойылықтардан декларация қабылдауға техникалық дайындық жүргізіп жатыр. Электронды және қағаз түрінде тапсырылатын  жүйені енгізудегі басты мақсат - көлеңкелі экономикаға қарсы тұру.   

Гүлжамал Шортанбаева, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның өз қалауы бойынша асыл тастар мен бағалы металдар, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары, биологиялық активтер, мәдени құндылықтар. Егерде сатып алу, сату мүліктерінде қозғалыс болмаған жағдайда немесе жалақыдан басқа табысы жоқ азаматтар қысқартылған декларация табыс етеді. Ал егер мүліктерінде қозғалыс болып, жалақы, зейнетақы, шәкіртақыдан өзге табысы болса, ол кеңейтілген декларация табыс етіледі.

Хабар 24 телеарнасы