378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық омарташылар бал экспортын арттыруға әзірленіп жатыр

  • 91
  • UPD: 18:46, 16.03.2019
Қазақстандық омарташылар бал экспортын арттыруға әзірленіп жатыр

Өнім өндірушілер оны Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігіне  ауқымды мөлшерде өткізуге ниетті. Жалпы елімізде жыл сайын 15 мың тонна бал жиналады екен.

Алайда тек соның тең жартысы ғана шет ел нарығына шығарылуда.  Тәтті өнімді экспорттауда халықаралық стандартқа сай бал өндірудің бірыңғай ережесін енгізу қажет. Өскеменде бас қосқан  Қазақстан, Түркіменстан, Ресей елдеріндегі  омарташылар осы мәселені талқыға салды. Болашақта  шетел нарығын игеруге үлкен мүмкіндіктер ашу үшін биыл бұл өлкеде  ветеринарлық зертхана ашылады деп жоспарлануда. Ол жерде тексерістен өткен бал ешбір қосымша сертификатсыз, өзге елге өткізілетін болады.

Владислав Волков, омарташы (РФ):

- Біз осы басқосу барысында  еуразиялық экномикалық одақ базасында ортақ сайт  ашу туралы келісімге келдік.Осылайша батыс және солтүстік  өңірлердегі әріптестер бір-бірімен  белсенді тәжірибе алмасса деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы