411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин: Былтыр елімізге 25 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған

  • 218
  • UPD: 13:14, 24.01.2020

2019 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,5 процентке жетті.

Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында премьер-министр Асқар Мамин бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштерді жіпке тізіп, өзге салалардағы жағдайды да баяндады. Мәселен, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде былтыр елге 25 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 30 процентке жуықтады. Сондай-ақ Асқар Мамин жаһандық экономиканың өсімі 2,9 проценттің шамасында болғанын айтты. «Бұл – соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш», – деді Үкімет басшысы. 

Хабар 24 телеарнасы