426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы KPI кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

  • 212
  • UPD: 14:23, 20.08.2020

Еліміздегі ірі мұнай-химия кешенінің 70 проценттен астам құрылыс жұмысы аяқталды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.

 KиПиАй кешенінің құрылысымен «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Атырау мен Маңғыстау облыстарына жұмыс сапары барысында танысты.

Қордың Басқарма төрағасы еліміздің мұнай саласы үлкен дағдарысты бастан өткізгенін атап өтті. Сондай-ақ Қор компаниялары тобында қабылданған оңтайландыру шаралары арқасында 422 миллиард теңгеге резерв құрылған. Дағдарыс кезеңіне қарамастан екі негізгі мұнай өндіретін аймақта жұмыс орындары сақталғаны да айтылды. Сонымен қатар Ақтау және Құрық теңіз порттарындағы жұмыспен де танысты. Олардың жұмысына коронавирус індеті кері әсерін тигізген. Ахметжан Есімов порттың жүктеме деңгейін арттыру үшін бірлесіп күш жұмсауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы