420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет тарапынан субсидия кімдерге беріледі?

  • 157
  • UPD: 19:54, 03.09.2020
Мемлекет тарапынан субсидия кімдерге беріледі?

Індет кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерінің несиелері мемлекет тарапынан 6%-тік мөлшерлемеге дейін субсидияланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент жолдауында осындай тапсырма берді. Күшейтілген карантин режимі кезінде қай саланың кәсіпкерлері өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды және субсидия кімдерге беріледі?

Алуа Маханбет, тілші:

- Алматы қаласы бойынша 190 мыңнан астам кәсіпкер бар болса, соның 85%-і кіші және орта бизнес өкілдері. Әлемді дүр сілкіндірген пандемия кезінде 50 мыңнан астам кәсіпкер өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болыпты. Сондықтан Президент Жолдауында экономиканың зардап шеккен секторларына төтенше жағдай жарияланған күннен бастап несиелерін мемлекет есебінен 6%-ке дейін субсидиялауды тапсырды.

Нариман Әбілшайықов, қалалық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Ең көп зардап шеккен бұл – туризм саласы, қонақ үй саласы, одан басқа кафе, ресторан, қоғамдық тамақтандыру саласы жатады. Сондықтан да бұлардың мәселесін шешу үшін бұл салалардың барлығын зерттеп, шешім қабылдайтын боламыз. Өзінің бір алгоритмі болады. Сондықтан да, бұл алгоритмді осы 1-2 күннің ішіне бізге Ұлттық банк дайындап, бізге жібергеннен кейін осы алгоритм бойынша жаңағы біздің кәсіпкерлердің осы Алматы қаласы бойынша тізімін құрастыратын боламыз.

Карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек беру үшін 800 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларға тиесілі жылжымалы мүлікті жалдап отырған шағын және орта бизнес өкілдеріне жыл соңына дейін жалдау төлемін алмауды тапсырды. «Ендігі мәселе, мұндай көмектер шын мәнінде өз иелеріне, яғни, табысы күнкөрісінен артылмай отырған шағын бизнес өкілдеріне жете ме?», - дейді экономист мамандар.

Меруерт Махмұтова, экономист:

- Бізде мемлекеттік бағдарламалар орта және кіші бизнеске деп қабылданады, бірақ орта және кіші бизнестің оған қолы жетпейді. Мысалы, сол «Бизнес жол картасының» көмегін алып отырғандар сол 5 жұлдызды отельдерді салған кәсіпкерлер. Есепшоттарын қарасаңыз, олар сол миллиардтаған субсидияны алып, бюджетке қосып отырған ешқандай салық ретінде үлесі жоқ.

Президент жолдауында шағын және орта бизнеске бағытталған Салық кодексін қайта қарап, сыбайлас жемқорлықпен күресу жайы бекер айтылмаса керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз бастамасында мемлекеттік сатып алу үлесін көбейту жайын да баса айтты. Себебі, бір ғана Алматы қаласының өзінде өткен жылы 6 триллион теңгеге импорттық тауарлар сатып алынған. Демек, бірнеше трлн қаржы сыртқа кетті.

Авторлары: Алуа Маханбет, Айдар Абдешев, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы