422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО елдерінің еңбекшілері зейнетақымен қамсыздандырылуы мүмкін

  • 88
  • UPD: 14:12, 04.11.2020
ЕАЭО елдерінің еңбекшілері зейнетақымен қамсыздандырылуы мүмкін Sputnik Казахстан

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді қарап, оны ратификациялауды мақұлдады.

Жоғарыда аталған келісімге 2019 жылғы 20 желтоқсанда қол қойылды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығын тереңдетудің нәтижесі болып табылады, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өз сөзінде ЕАЭО азаматтарын басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу жұмыс күшінің қозғалуы жолындағы қазіргі кедергіні жоюға мүмкіндік беретінін және еңбек қызметін заңдастыруды қосымша ынталандыратынын атап өтті.

Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы болады.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбеккеріне өз аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлейтін (экспорттайтын) болады. Зейнетақыны ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етуші аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстанда келісімді іске асыру бойынша құзыретті орган болып белгіленді. Зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша барлық сұрақтар бойынша ҚР және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтары БЖЗҚ-ға тікелей жүгінетін болады.

ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбекшілерінің келісімі бойынша Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады, өйткені олар ҚР-да тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдайда Ұлттық зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда БЖЗҚ-ға МЗЖ аударады.

 

Хабар 24 телеарнасы