384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жойқын құйын кезінде 4 адам қаза тапты

  • 536
  • UPD: 17:55, 03.01.2017

АҚШ-тың Алабама штатындағы дүлей дауылдан 4 адам қаза тапты.

Құтқарушылар олардың денесін қираған ғимараттың астынан алып шықты. Алып торнадодан оның қасындағы бірнеше үй мен басқа да құрылыстар бүлінген. Аймақта ұйтқи соққан дауылмен қатар, нөсер жаңбыр жауды. Су тасыды. Ал Луизианада 100 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Айта кетейік, елдің оңтүстігіндегі аймақтар бірнеше күн болды сұрапыл дауыл мен нөсер жаңбырдан зардап шегіп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы