387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париж маңында карнавал кезінде жарылыс болды

  • 646
  • UPD: 13:38, 02.04.2017

Францияда да карнавал кезінде  жарылыс болып, 19 адам жараланды.

Дәрігерлер олардың төртеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлайды. Оқиға ел астанасы Париж жанындағы Вильпент қаласында болған. Жапа шеккендер арасында осы шаһар басшысы да бар. Оқыс жағдай тұрғындардың бірі қолдан жасалған қуыршақ бейнесін өртеген кезде болған. Алдын ала мәлімет бойынша отты тұтатуға арналған зат жарылуы мүмкін деген болжам бар. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы