387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде ірі көлемде кокаин тәркіленді

  • 581
  • UPD: 18:01, 15.06.2017

Перудегі Пайта қаласының теңіз айлағында полиция 474 келі кокаин тәркіледі. Есірткі Оңтүстік Африкаға жіберілуі тиіс контейнердің бірінен табылған.

Есірткіні заңсыз тасымалдау күдігімен 7 адам ұсталды. Ал тәртіп сақшылары осы қылмыстық ұйымның өзге мүшелеріне іздеу салған. 

Висенте Фернандес, Перу Ұлттық полициясының басшысы:

-Есірткіні заңсыз тасымалдаудың құрылықтағы, теңіздегі және әуедегі түрлі жолдарын бақылап, биыл 2,5 тоннадан аса есірткі тәркіледік. Жалпы осы мөлшердің қара нарықтағы бағасы – шамамен 40 миллион доллар.

Хабар 24 телеарнасы