389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда Каталониядағы терактіні ұйымдастырушылармен байланысы бар күдіктіні ұстады

  • 493
Испанияда Каталониядағы терактіні ұйымдастырушылармен байланысы бар күдіктіні ұстады upload.cankaoxiaoxi.com

Испания полицейлері Барселона мен Камбрильстегі терактілерді ұйымдастырушылармен байланысы бар мароккалықты қолға түсірді.

Бұл туралы Испания ІІМ басшысы Хуан Игнасио Зоидо хабарлады.

«Азаматтық гвардия қызметкерлері Кастельон провинциясында Испанияда тұратын мароккалықты Барселона мен Камбрильстегі терактілерді ұйымдастырған террористік ұйыммен серіктес болған деп тұтқынға алды», – деп жазды Зоидо өзінің Twitter парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы