384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ФАТХ және ХАМАС палестиндік қозғалысы бірігу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр

  • 439
  • UPD: 14:07, 24.11.2017

Олардың арасындағы дау – палестиндік мемлекет құру жолындағы басты кедергінің бірі.

Келелі келіссөздерді Батыс пен Таяу Шығыс мұқият қадағалап отыр.

Келіссөздер кейде тоқтап қалып жатса да, ақырындап жүзеге асып келеді. Палестина саясатындағы ең басты күштер ФАТХ және ХАМАС-тың бірігуі мүмкін. Палестиндік мемлекет құру жолындағы басты кедергілердің бірі берекенің жоқтығы болып отыр.

ФАТХ Батыста және Израильде салыстырмалы түрде Израильмен келіссөзге келу мүмкіндігі бар байсалды топ болып саналады. Ал ХАМАС – өз жарғысында еврей мемлекетін жою жөнінде жеке тарау жазылған радикалды қозғалыс.

Диалогтың мақсаты – ұлттық бірлік үкіметін құру және Аббас құрылымына Газадағы бақылауды беру. Келіссөз ауыр өтіп жатқандықтан, шешімін таппаған мәселелер өте көп. Көптеген өзара айыптаулар мен есеп-қисаптар да жиналып қалған. Келіссөздерде  делдал ретінде Иордания королі Абдалла мен мысырлықтар жүрді.

Махмуд Аббас, Палестина автономиясының президенті:

- Біз Хамаспен бірге жұмыс істеуге ұмтылған келісім туралы патшамен талқыладық. Иорданиялық әріптестеріміздің арадағы жағдайды түсінуі біз үшін маңызды.

Алайда алғашқы қадам жасалды, желтоқсан айынан бері Мысырмен және Израильмен шекарадан өтуді бақылау Аббастың президенттік гвардиясының бақылауына көшеді. Бірақ «осы жағдай кедендік анклав тұрғындарының сыртқы әлеммен байланысына рұқсат беруді жеңілдете ме?» деген сұрақ туындайды. Бұл жерде барлығы Израиль мен Мысырдың еркіне байланысты. Сектор баяғыдан осылардың қоршауында қалды. Газада бұл тұрғыда әңгімелесу сақтықты талап етеді.

Назми Мхана, Палестина ұлттық әкімшілігінің шекаралық өткелдер басқармасының басшысы:

- Жағдай қалпына түсіп келеді. Біз шекара өткелдерінде саяхат үшін шекарамызды ашып, тұрғындарымыздың қозғалысын жеңілдету жұмыстарын жасап жатырмыз.

Израиль бұл келіссөздерді бақылап отыр. Төңкерістен кейін үш рет еврей мемлекеті ХАМАС-пен шайқасты. Ол жерде ешкіммен татуласқысы келмейтін көптеген топ жұмыс істейді. Мысалға алсақ, жақында ғана қақтығыс ұйымдастырған «Ислам жихады» тобы осында орналасқан. Көптеген сарапшы ахуалды қауіпті деп санайды.

Александр Гринберг, арабтанушы:

- Бұл мүдделі болып отырған Хамасты текетіреске әкелуі мүмкін. Сондықтан да Мысыр мен ХАМАС «Ислам жихадын» Израильге қарсы әрекет етуден сақтап қалуға тырысады. Бірақ бұл қалай аяқталатыны белгісіз. Себебі Израиль Газадағы әскери операцияларды тек «Ислам жихадына» қарсы жүргізбейді. Мұны елестету қиын.

Қазір ХАМАС-қа да, Израильге де жаңа соғыстың тиімсіз екендігі көңілге үміт ұялатады. Соңғы қақтығыстан кейінгі Газадағы ойран өте ауқымды болды. Оны қалпына келтіруге қаражат тапшы. Араб донорлары оларды біріктіру бойынша келіссөздер сәтті аяқталған жағдайда ғана бөлуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы