389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда қайырлап қалған паром жағалауға жеткізілді

  • 392
  • UPD: 18:17, 11.12.2017

Кале кемежайындағы бұл оқыс жағдай күшті дауылдың салдарынан болған.

Кеме Ұлыбританияның Дувр қаласына аттанған екен. Бортында 300-ден астам адам отырыпты. Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылды. Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсы жапа шеккен жоқ.

Кейт Эллис, Австралиядан келген жолаушы:

– Алғашында бізге көмекке бірнеше қайық жіберілген. Алайда одан түк шықпады. Артынша үлкен кеменің келгенін байқадық. Сөйтіп құтқару операциясы аяқталғанша, күтуден басқа амал қалмады.

Хабар 24 телеарнасы