387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Идлиб провинциясындағы госпитальда жарылыс болды

  • 401
Сирияның Идлиб провинциясындағы госпитальда жарылыс болды

Сирияның өзіндегі Идлиб провинциясындағы госпитальда жарылыс болғаны туралы хабар түсті.

Оқиға кеше болған. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Ғимаратқа екі снаряд түскен. Осы оқиғадан кейін госпиталь жұмысын уақытша тоқтатты. Әзірге шабуылды кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Айта кеткен жөн, бұл соңғы он күнде жасалған екінші соққы. 21 қаңтарда мекеменің кіреберісіне шабуыл жасалып, аурухана үш күн бойы жұмыс істемеген еді.

Хабар 24 телеарнасы