384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Тынық мұхит аймағы серіктестігіне қайта қосылу шешімін Жапония мақұлдады

  • 772
  • UPD: 16:01, 13.04.2018
АҚШ-тың Тынық мұхит аймағы серіктестігіне қайта қосылу шешімін Жапония мақұлдады

Елдің министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суганың айтуынша, серіктестікке қосылу АҚШ экономикасының өсіміне мүмкіндік береді.

Дегенмен елдің қаржы министрі Таро Асоның айтуынша, қайтадан келіссөздер өткізіп, жаңа құжат әзірлеу өте қиынға соғады. Сондықтан Жапония тарабы бұл мәселені елдің премьер-министрі Синдзо Абэнің АҚШ-қа жасаған сапары барысында талқылауға ниетті.

Таро Асо, Жапонияның қаржы министрі:

- Егер бұл расталған мәлімдеме болса АҚШ-тың қадамын құптаймыз. Әсіресе президент Дональд Трамптың өзі бұл келісімнің маңызды әрі ықпалды екенін түсінсе, құба құп болар еді.

Еске сала кетейік, тынық мұхит аймағының серіктестігі туралы келісімге келу үшін тараптар жеті жылдай келіссөз өткізді. Сөйтіп, тек 2016жылы бір мәмілеге келді. Оған 12 мемлекет кіруі керек еді. Алайда президенттікке жаңадан сайланған Дональд Трамп бұл келісімнің Вашингтон үшін тиімсіз екенін айтып, АҚШ-тың шығатынын жариялады. Бірақ бірер күн бұрын елдің сауда өкілі мен экономика жөніндегі кеңесшісіне серіктестікке кірудің тың жолдарын қарастыру туралы тапсырма берген.

Хабар 24 телеарнасы