375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


КХДР АҚШ-тың ядролық қарусыздандыруға қатысты ұсыныстарынан бас тартты

  • 568
  • UPD: 13:12, 11.08.2018
КХДР АҚШ-тың ядролық қарусыздандыруға қатысты ұсыныстарынан бас тартты

Корея Халық Демократиялық Республикасы АҚШ-тың ядролық қарусыздандыруға қатысты жасаған барлық ұсынысынан бас тартты.

Бұл туралы CNN телеарнасы жоғары дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Америка Құрама Штаттары Корей түбегін ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру процесін жүзеге асыру үшін бар күшін салуда. Ал Пхеньян Ақ 8йдің барлық бастамасын астыртын түрде қабылдамай қойды. Солтүстік Корея санкциялар алынып, бейбітшілік келісіміне қол қойылмай, АҚШ-тың ешқандай ұсынысын қарастырмайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 12 маусым күні АҚШ пен Солтүстік Корея президенттерінің тарихи кездесуі өтті. Саммиттің қорытындысы бойынша, Ким Чен Ын мен Дональд Трамп бірқатар келіссөздерге қол қойды. Құжат бойынша Пхеньян Корей түбегінің ядролық қарудан азат аймақ болып, ал АҚШ Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік береді деп келісілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы