377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда зілзаладан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

  • 514
  • UPD: 15:41, 07.09.2018
Жапонияда зілзаладан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 16-ға жетті.

Тағы 26 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Бұған дейін ақпарат көздері екі адам опат болғанын хабарлаған еді. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын тынымсыз жалғастырып жатыр. Мерт болғандардың қатары әлі де өсуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, аралда 6,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Ибура маңында кіндігі 37 шақырым тереңдікте тіркелді. Зілзала орын алған аймақта көшкін басталып, 3 миллионға жуық тұрғын үй электр желісінен үзілген еді.

Хабар 24 телеарнасы