426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерия халқы елден қашып жатыр

  • 1858
  • UPD: 08:40, 03.02.2019
Нигерия халқы елден қашып жатыр Все об Африке

Нигерияда содырлардың шабуылдарынан 30 мыңнан астам тұрғын бас сауғалап Камерунға қашуға мәжбүр.

Босқындардың айтуынша, жергілікті билік халықтың қауіпсіздігі үшін тиісті амалдарды қолға алмайды. Жуырда Нигериядағы атышулы «Боко Харам» лаңкестік тобының содырлары Ранн қаласына шабуыл жасап кем дегенде 60 адамның өмірін қиды.

Естеріңізге салайық, аталмыш радикалды ұйым Нигерияның солтүстігі мен солтүстік-шығысында жиі қарулы шабуылдар ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар көрші Нигер, Камерун мен Чад елдеріне де тыныштық бермейді. Соңғы 10 жылда лаңкестер 27 мың адамның өмірін жалмады.

Хабар 24 телеарнасы