377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде қызыл жалын 10 адамның өмірін жалмады

  • 659
  • UPD: 10:58, 06.02.2019
Парижде қызыл жалын 10 адамның өмірін жалмады

Париждің батыс бөлігіндегі Эрланже көшесінде болған тұрғын үй өртінен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті.

Олардың қатарында кішкентай сәби де бар. Тағы 30 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның алтауы өрт сөндірушілер. Мамандар лаулаған жалынды өшіріп, қирандылар астынан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сондықтан опат болғандардың саны арта түсе ме деп отыр. Жақын маңдағы үйлерден адамдар эвакуацияланған. Әзірге оттың неден тұтанғаны ресми анықталмады. Дегенмен Париж прокуратурасының мәлімдеуінше, бұл әдейі өртеу қылмысы болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері 40 жастағы күдікті әйел адамды тұтқындады. Ол өрт шыққан тұрғын үйдің екінші қабатында тұрған. Есірткі және ішімдікке тәуелді әйелдің психикалық ауытқушылығы болған.

Реми Хайтц, Париж қаласының прокуроры:

- Дәл осы үйдің тұрғынын тұтқынға алдық. 40 жастағы күдіктінің психикалық ауытқуы бар. Өрт аяқтала салысымен көшенің қақ ортасында қолына кісен салынды. Қазір темір торда отыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Өрттің қалай басталғанын анықтаудамыз.

Хабар 24 телеарнасы