383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда лаңкестер құрылыс компаниясына шабуыл жасады

  • 506
Ауғанстанда лаңкестер құрылыс компаниясына шабуыл жасады The Kiev Times

Ауғанстанның Джелалабад қаласында қаруланған бір топ лаңкес әуежай маңындағы құрылыс компаниясына шабуыл жасап, 16 адам қаза тапты.

Тағы 9 кісі жарақат алды. Бірнеше содыр бірлестіктің ғимаратына кіріп, оқ жаудырып, бір лаңкес өзін-өзі жарып жіберген. Оқиға орнына жеткен қауіпсіздік күштері барлық содырдың көзін жойды. Қаза тапқандар осы әуежайда құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшылар болған. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазір содырлардың компанияға неліктен қастандық жасағаны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы