414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда лаңкестік жасаған содыр ұсталды

  • 1051
  • UPD: 08:27, 08.03.2019
Үндістанда лаңкестік жасаған содыр ұсталды Zerkalo.az

Джамму қаласындағы аялдамада автобусқа граната лақтырып, лаңкестік жасаған содыр ұсталды.

Әзірге оның қандай қарулы топтың мүшесі екені белгісіз. Шаһардағы лаңкестік кеше жасалған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу аялдамаға келген автобусқа граната лақтырып, 1 адам қаза тауып, 32 тұрғын жарақат алған.

Еске сала кетейік, ақпан айының ортасында осы Джамму және Кашмир штатында бір содыр үнді әскерилері мінген көлікке шабуыл жасап, 40 сарбаз опат болған. Лаңкестіктен кейін Үндістан әуе күштері Пәкістан аумағында әскери операция жүргізіп, оның соңы ірі қақтығысқа ұласа жаздаған еді.

Хабар 24 телеарнасы