Норвегиялық Norwegian лоукост әуе компаниясы Boeing корпорациясынан ақы талап етпекші. Себебі қазір компания өзіндегі «Boeing 737 MAX 8» маркалы 18 ұшақты пайдалана алмай отыр.
«Біз Boeing компаниясынан толық ақыны талап етеміз. Су жаңа ұшақтары бола тұрып, Norwegian компаниясы экономикалық шығынға ұшырамауы тиіс», — деген хабарламада тасымалдаушының баспасөз хатшысы Лассе Сандакер-Нильсен.
Айта кету керек, Norwegian тасымалдаушысы Эфиопияда болған апат туралы ести салысымен Стокгольмнен адам тиеп, Тель-Авивке ұшып бара жатқан «Boeing 737 MAX 8» ұшағын бірден кері қайтарған болатын.
Е24
Аударған: Г.Абилова