379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда такси жүргізушілері ереуілге шықты

  • 83
Германияда такси жүргізушілері ереуілге шықты

Германияда такси жүргізушілерінің ереуілі өтті.

Мыңдаған жүргізуші көшеге шығып, жолдарды бөгеп тастады. Берлиннің өзінде 5 мың көлік Бранденбург қақпасына баратын көшені жауып тастады. Такси жүргізушілері саясаткерлерден күнкөріс көзінен айырмауды талап етуде. Ереуілшілер көлік тасымалдау нарығын ырықтандыруға бағытталған үкімет жоспарына наразы. Айтуынша, осы реформа салдарынан елге Убер секілді компаниялар келіп, такси жүргізушілері жұмыссыз қалады.

Таркан Йылдыз, такси жүргізушісі:

– Берлинде жұмыс істеп жүргеніме 8 жыл болды. Маған отбасымды асырау керек. Ал Убер арзан бағаларымен бізді жұмыссыз қалдырады. Олардан айырмашылығымыз, біз кәсіпқой көлік жүргізушілерміз, лицензия төлеп, көлігімізді қымбатқа сақтандырамыз. 

Эрхан, такси жүргізушісі:

– Біз Убер мен көлік министрлігінің жоспарына қарсы ереуілге шықтық. Осы компанияны заңдастыруына қарсымыз. Адал бәсекені қалаймыз, бірақ бәрі заңды болып, еңбегімізге адал жалақы төленуі тиіс. Бұл ереуілмен мақсатымызға жетпесек, Берлин көшелерінде қозғалысты қайта тоқтатып тастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы