378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда қазақ руларына кіретін бірнеше тайпаның ұрпақтары тұрады

  • 409
  • UPD: 19:37, 23.04.2019

Әзербайжанның солтүстігінде қазақ руларына кіретін Қыпшақ, Жалайыр, Онжайлы және Қайсарлы тайпасының ұрпақтары өмір сүреді.

Бір қызығы, барлығы бір өңірге шоғырланған. Гянжаданы артқа тастап, Бакуды бетке алған «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы сол ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындармен тілдесті. 

Әзербайжан Республикасында Дешті-Қыпшақ жерінен шыққан бабаларымыздың ізі бүгінге дейін сайрап жатыр. Өйткені аталарымыз  мекен еткен жер-су атауларын өздерінің ру тайпаларының атымен атаған. Сол топонимдер бүгінге дейін сақталған. Мәселен бір ғана Гах облысында қазақша атауға ие 10-ға жуық ауыл кездесті.

Илхам Халилов, Қыпшақ ауылының тұрғыны /Әзербайжан/:

- Қыпшақ ауылының тумасымын. Мұнда 300-ден астам үй түтін түтетіп отыр. 700-ден аса адам тұрады. Тұрғындардың негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы. Яғни мал бағамыз, егін-егеміз.Өзімізді қыпшақ тайпасының тікелей ұрпағы санаймыз. Аталарымыздың айтуынша, бабаларымыз бұл мекенге 800-900 жыл бұрын келген. Сөйтіп, тұрақтап қалған. Бүгінде қыпшақ атауымен кеңес құрдық. Оның құрамына осы маңда тұратын жеті ауыл кіреді. Олармен салт-дәсүріміз де тіліміз де дініміз де ортақ. 

Қыпшақ ауылына Қайсарлы, Онжайлы, Жалайыр елді мекендері іргелес жатыр. Топонимдерден бөлек бабаларымыздің ізін архелогиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерден де байқауға болады. Олар Бакудегі Республикалық музейде сақталған. Мыстан жасалған монеталардан Елдениз мемлекетін басқарған қыпшақ сұлтандарының атын оқуға болады. Ал  моңғолдардан кейін осы аймақта жеке ел болған Жалайырлар ақшаны алтыннан бастыртыпты. 

 Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Тарихтан білетініміз 14-ғасырда қазақтың үлкен бір тайпасының бірі жалайырлар моңғолдармен бірге, Құлағудың әскерімен бірге келіп осында тоқтады. 90 жылдай өмір сүрген мемлекет Құлғау бастаған бір-бірімен таққа таласудың арқасында тарап кетті де үкімет басшылығы Жалайырларға көшті. Олар 70-80 жылға дейін үкімет құрып басқарып тұрды. Сондықтан да жалайырлар Иранда тұрды. И қазіргі Әзірбайжан териториясында тұрды. 

Мына шіркеу Кавказ албандары билік құрған 6-ғасырда тұрғызылыпты. Тарихшылардың айтуынша, олар христиан дінінін қабылдаған түркі тектес тайпа болған. Өйткені шіркеудегі крест тең бұрышты болуымен ерекшеленеді және безендіру үлгісі де түркілерге тән.

Октай Ырзаев, Әзербайжан туристік қауымдастығының кеңесшісі:

- Кавказ албандарының мемлекеті біздің заманымызға дейінгі 4-ғасырда пайда болып, біздің заманымыздың 9-ғасырына дейін билік құрған. Олар шығыстан, яғни Орталық Азияның солтүстігі мен бүгінгі Қазақстанның оңтүстігінен келген. Сөйтіп осы маңда кавказ және түріктерден тұратын 25 тайпаның басын біріктірді. Шыққан жеріне қарағанда олар түркілер. Сондықтан лезгин немесе армян деп айтуға еш негіз жоқ. Оның үстіне олар салған шіркеудің барлығында крест түрік халқына тән өрнекпен ерекшеленеді.

Әзірбайжан астанасындағы сапар барысында экспедиция мүшелері тарихи орындармен қатар заманауи Бакуді де тамашалады. Ендігі бағыт орта ғасырдағы Елдениз мемлекетінің алғашқы астанасы болған Нахичевань қаласы.

Авторлары: Талғатбек Әюдіқожа, Самат Бекбатыров

Хабар 24 телеарнасы