379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэйдің үкімет мүшелері шетінен отставкаға кетіп жатыр

  • 204
  • UPD: 10:33, 23.05.2019
Тереза Мэйдің үкімет мүшелері шетінен отставкаға кетіп жатыр

Ұлыбритания Парламенті қауымдастары палатасының көшбасшысы Андреа Ледсом отставкаға кетті.

Мұндай қадамға ол Премьер-министрдің Брексит мәселесіне қатысты ұстанымымен келісе алмағандықтан барған. Оның пікірінше, Мэй басқарған үкімет Еуропалық Одақтан шығу үдерісін соңына дейін жеткізе алмайды. Айта кетерлігі, Андреа Ледсом Британ үкіметін Парламенттің төменгі палатасымен байланыстырушы қызметін атқарған. Оның қызметтен кетуін негізге алған оппозиция кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді ұсынды. Брексит мәселесіне қатысты британ парламентімен ортақ мәмілеге келу мақсатында Тереза Мэй бірқатар ұсыныстар енгізген болатын. Алайда Еуропалық Одақтан шығу жобасын Парламент үш қайтара қабылдамай тастаған.

Хабар 24 телеарнасы