389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ашу дұшпан, ақыл дос: Facebook 7 млн жазбаны өшірді

  • 359
  • UPD: 18:16, 24.05.2019
Ашу дұшпан, ақыл дос: Facebook 7 млн жазбаны өшірді

Жарты жылдың ішінде Facebook 3 миллиардтан астам жалған аккаунтты өшірді.  Бұл былтырғыдан екі есе көп.

Әлеуметтік желіде фэйк аккаунттың көбеюі автоматты боттармен байланысты екен. Сондай-ақ осы әлеуметтік желідегі ашу-ызаға толы 7 миллион пост өшірілген. Бұл Facebook құрылған сәттен бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Естеріңізге салайық, былтыр шілде айында дау туындап, компаниясының құны 40 процентке арзандап кеткен. Осыған байланысты 30 мамыр күні Facebook акционерлердің отырысы өтеді.  Онда Марк Цукербергтің директорлар кеңесінде төрағалық ету мәселесі қаралады.

Хабар 24 телеарнасы