378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зерттеушілер: Өзен сулары антибиотиктермен уланған

  • 133
  • UPD: 09:49, 06.06.2019
Зерттеушілер: Өзен сулары антибиотиктермен уланған

Жер бетіндегі көптеген өзен суларының құрамында антибиотиктердің концентрациясы жоғары деңгейге жеткен.

Англиядағы Йорк университетінің зерттеушілері 72 елдің өзеніне жасаған сараптама қорытындысынан кейін осындай мәлімдеме жасады. Сынамалардың 65 пайызында көп таралған 14 антибиотик түрі анықталды. Ал Оңтүстік Азияда оның концентрациясы ең жоғары деңгейге жеткен.

Джон Уилкинсон, химик:

- Біз зерттеген өзен суларында антибиотиктердің қауіпсіз деп танылған мөлшері 300 есеге артық екені анықталды. Әсіресе Бангладеш өзендерінің жағдайы мәз емес. Оған улы қоқыс пен өнеркәсіп қалдықтары себеп.

Хабар 24 телеарнасы