386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда дәстүрлі әуе шарлары фестивалі өтті

  • 395
  • UPD: 08:30, 29.07.2019
Францияда дәстүрлі әуе шарлары фестивалі өтті pikabu.ru

Шамбле-Бюссьер коммунасындағы жазықта аспанға бірден 500 әуе шары ұшырылып, жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны көруге жүздеген адам жиналды. Жалпы Шамбле-Бюссьерде әуе шарлары фестивалі 1989 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген адам келіп қатысады. Биылғы қызықты шарада 40 елдің өкілдері өз шарларын көкке самғатты.

Хабар 24 телеарнасы