386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда әуежайдан 700 келі алтын ұрлағандар ұсталды

  • 129
Бразилияда әуежайдан 700 келі алтын ұрлағандар ұсталды NewsOne

Бразилия полицейлері Сан-Паулу әуежайынан 700 келі алтын ұрлағандарды ұстады.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада тәртіп сақшыларының формасын киген қарулы топ жүк терминалындағы инкассациялық көлікті тонап кеткен еді. Бұдан кейін олар кепілдікке екі адамды алған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, ұсталғандардың бірі терминалдағы логистикалық операциялардың басшысы болып шықты. Бұған дейін полицияға берген мәлімдемесінде ол тонаушылар керек ақпаратқа қол жеткізу үшін өзін және отбасын кепілдікке алғанын айтқан еді. Жалпы қолды болған алтынның құны – 30 миллион АҚШ долларына тең.  

Хабар 24 телеарнасы