387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хуситтер Сауд Арабиясын қақтығысты тоқтатуға шақырды

  • 156
Хуситтер Сауд Арабиясын қақтығысты тоқтатуға шақырды

Хусит бүлікшілері Сауд Арабиясын Йемендегі соғысты тоқтатуға шақырды.

Мұндай мәлімдемені «Ансар Аллах» қозғалысының мүшесі Мұхаммед әл-Бахити жасады. Оның айтуынша, Йемендегі қақтығыста хуситтер жеңіске жеткен. Сондықтан Эр-Риядтың әскери қимылдарды тоқтатып, Йеменді қоршауда ұстауын доғарғаны абзал дейді. Айта кетейік, Йеменде президент Абд Раббу Мансур Хадидің жақтастары мен хуситтер арасындағы соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдер президентті қолдап бүлікшілерге қарсы қимылдарды бастаған. Содан бері қақтығыс шиеленісіп, елде гуманитарлық дағдарыс күшейген.

Хабар 24 телеарнасы