389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путин мен Рухани Арменияда кездесті

  • 172
  • UPD: 14:14, 02.10.2019
Путин мен Рухани Арменияда кездесті

Армения астанасында Ресей Президенті Владимир Путин мен Иран басшысы Хасан Рухани кездесті. Басқосу Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде өтті.

Кездесуде Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағындағы қауіпсіздік, Сириядағы жағдай және екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ресей басшысының мәлімдеуінше, қазір Иранды Еуразиялық экономикалық одаққа қосу жұмысы жүргізілуде.

Айта кетейік, Тегеран «Ормуз бейбіт бастамасын» алғаш рет қыркүйектің 25-сі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жариялады. Ол осы аймақтағы энергетика қауіпсіздігі бойынша өзара ықпалдастықты, кемелердің еркін жүзуі және мұнай тасымалы сынды мәселелерді қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы