389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда педагог өлімінен кейін ұстаздар наразылық акцияларын ұйымдастырды

  • 163
  • UPD: 11:15, 04.10.2019
Францияда педагог өлімінен кейін ұстаздар наразылық акцияларын ұйымдастырды

Ұстаздар күні қарсаңында Франция мұғалімдері Париж маңында орналасқан ауыл мектебінің директорын ақтық сапарға шығарып салды.

Осыдан бірнеше күн бұрын 58 жастағы Кристин Ренон әріптестері мен басшылыққа хат жолдап, ізінше сол мектеп ғимаратында өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл оқиғадан кейін наразы мұғалімдер Сен-Сен-Денидің білім ғимараты алдына жиналды. Олар көз жұмған әріптестерін еске алып, биліктен еңбек шартына қарсы өзгерістер енгізуді талап етті. Олардың айтуынша, білім саласындағы реформалардан педагогтар зардап шегіп отыр. Әсіресе, ауыл-аймақтағы ұстаздарға айтарлықтай салмақ түседі. Өйткені сабақ беруден гөрі мұғалімдердің әкімшілік жұмыстардан қолы босамайды. Педагогтар білім министрін отставкаға жіберіп, бұл саладағы реформалардан бас тарту керек екенін айтады.

Дидье Гале, мұғалім:

– Педагог жұмыстан қажып, өз-өзіне қол жұмасаған. Барлық медиа отбасындағы жағдайға байланысты деп жазып жатыр. Бірақ бұл жалған ақпарат. Көз жұмбас бұрын Кристин барлық мектеп директорларына хат жолдаған. Бұл арқылы ол еңбек шарттарының адам төзгісіз екенін көрсеткісі келді. Билік бұл орайда қол қусырмай, нақты шешімдер шығарады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы