389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ өнертапқыштары пицца пісіргіш робот ойлап тапты

  • 136
  • UPD: 13:45, 11.10.2019
АҚШ өнертапқыштары пицца пісіргіш робот ойлап тапты

Американдық компания пицца дайындайтын робот жасап шығарды. «Пикник» деп аталатын құлтемір сағатына 300 пицца әзірлей алады.

Ал аппараттан шыққан италиялық тағам қолмен дайындалатын пиццадан еш кем емес. Құлтемір болса компьютер арқылы 2 адам ғана басқарылады. Мамандар кәсіпкелерлер бұл құрылғыға наразылық таныта ма деп қауіптенген. Бірақ шағын дәмханалар мұндай бастаманы қолдайтындарын айтады.

Аарон Робертс, Zaucer Pizza компаниясының атқарушы директоры:

- Шағын мейманханалық кәсіпте кез келген артықшылықты пайдалануға тырысамыз. Себебі ірі желілермен бәсекелесу біз үшін қиын. Оларда мұндай робот жоқ болғанмен жылдам жұмыс істеуге қауқарлы. Сондықтан біз үшін мына құлтемірдің пайдасы зор болмақ.

Хабар 24 телеарнасы