388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода жол апатынан 30 адам көз жұмды

  • 115
  • UPD: 16:22, 23.10.2019
Конгода жол апатынан 30 адам көз жұмды

Конго Демократиялық Республикасындағы ірі жол апатынан 30 адам жан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 16-дан астамы түрлі жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ішінде 100-ден астам жолаушы отырған автобус электр бағанаға соғылып, өртеніп кеткен. Мамандар темір тұлпардың тежегіші істен шыққанын айтады. Жол апаты ел астанасынан 150 шақырым жерде тіркелді. Көлік Луфу қаласынан шыққан болатын. Оқиға орнына жеткен ел президенті аураханада жатқан науқастардың жағдайын біліп қайтты.

Хабар 24 телеарнасы