384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда атыс салдарынан тоғыз адам зардап шекті

  • 173
Калифорнияда атыс салдарынан тоғыз адам зардап шекті

Калифорния штатының Фресно қаласындағы аулалардың бірінде атыс болып, салдарынан тоғыз адам зардап шеккен.

Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар да бар, деп жазады RT.

Полиция офицері Билл Дулидің сөзіне қарағанда, атыс кешкілік уақытта, бір отбасы достарымен бірге футбол көріп отырғанда болған. Дулидің айтуынша, бірнеше адам үйге кіріп, оқ атқан.

Хабар 24 телеарнасы