Австралияда қызыл жалынмен күрес жалғасып жатыр. 4 айдан бері жанып жатқан өрт ырық берер емес.
Сәйкесінше, қоршаған ортаға тигізген зардабын нақты есептеу мамандарға қиынға соғып тұр. Дейтұрғанмен, кейінгі ақпараттарға сүйенсек, өрттен 1 млрд астам жануар қырылып қалған. Оның 800 миллионы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы лаулаған оттың салдары.
Бұл туралы деп ABC News хабарлады.
Ал елдің премьер-министрі Скотт Моррисон дүйсенбі күні төтенше жағдайдан кем дегенде 25 адам қаза тауып, 2 мың үй қирағанын мәлімдеген еді.
Бұған дейін Австралияда өрттің өршуіне себеп болуы мүмкін 3 факторды атаған едік.