376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ ендігәрі Иранды барлық жағынан әлсіретуге тырысады – Сарапшы

  • 322
  • UPD: 19:28, 10.01.2020

АҚШ пен Иран арасында ядролық қақтығыс басталмайды. Алайда ресми Вашингтон бұдан былай бар күшін ресми Тегеранның Таяу Шығыста саяси, экономикалық және әскери болмысын әлсіретуге бағыттайды. Таяу Шығыс техникалық университетінің профессоры Хүсейин Бағжы осылай дейді. Ғалымның айтуынша, тараптар жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге ниетті.

Хүсейин Бағжы, Таяу Шығыс техникалық университетінің профессоры:

- АҚШ пен Иран арасында басталған текетірес алдағы уақытта өршуі де осы қалыпта да қалуы мүмкін. Дегенмен, генерал Касем Сулейманидің өлімі, ресми Вашингтон үшін Таяу Шығыста бір жеңіс. Себебі Сулеймани ресми Тегеранның аймақтағы беделді генералы еді. Өңірдегі әскери және радикалды топтармен байланысты сол жүргізген. Сондай-ақ президент Трамп ішкі саясатта да бұл жетістігін сайлауалды науқанда пайдаланбақ. Ал Иранға келетін болсақ, Сулейманидің өлімі елдегі оппозициялық топтардың позициясын әбден әлсіретті.

Хабар 24 телеарнасы