376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мыңдаған үндістандық премьер-министрдің саясатына қарсы шықты

  • 172
  • UPD: 07:35, 11.01.2020
Мыңдаған үндістандық премьер-министрдің саясатына қарсы шықты Сегодня

Үндістанда үкіметке қарсы ереуілдер басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан Хайдарабад қаласының бірнеше мыңдаған тұрғыны көшеге шықты. Ереуілшілер премьер-министр Нарендра Модидің үкіметі мен саясатына көңілі толмағандарын айтады. Жалпы елдегі ереуілдер 11 желтоқсан күні басталған еді. Ел парламенті азаматтықа қатысты заңға өзгерістер енгізіп, халықтың наразылығына қалған болатын. Бекітілген құжатқа сай Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш елдерінен шыққан үндіс, христиан және өзге де дін өкілдері өз елдерінде қысым көргенін дәлелдей алса, Үндістан азаматтығын жеңілдетілген түрде ала алады. Ереуілге шыққандардың айтуынша, бұл өзгертулер ел Конституциясына қарама-қайшы келеді. 

Хабар 24 телеарнасы