435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің 45 елінде 6 жарым млн-нан аса сириялық босып жүр

  • 159
  • UPD: 21:47, 23.02.2020
Әлемнің 45 елінде 6 жарым млн-нан аса сириялық босып жүр

Сирияға соңғы бір тәулікте көрші елдерден 800-ден аса адам оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дені Иорданиядан, тағы біразы Ливаннан қайтып келген. Олардың жартысынан астамы – балалар. Бірақ әзірге отанына оралған босқындар үйлеріне кіре алмай отыр. Себебі мұнда миналардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар 2 гектардан аса аумақты тексеріп шығып, 29 жарылғыш заттың көзін жойған.

Айта кеткен жөн, елде ұзақ жыл бойы қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. 2017 жылдың соңында үкімет жасағы мемлекетті лаңкестерден азат еткенін жариялады. Алайда кейбір ауданда атыс-шабыс әлі жалғасуда. Осы ретте тұрғындар өзге өңірлерге босып кеткен. БҰҰ-ның хабарлауынша, бүгінде әлемнің 45 елінде 6 жарым миллионнан аса сириялық ресми тіркелген екен. Ең көп босқындарды қабылдаған мемлекет – көрші Түркия. Ондағы Сирия азматтарынының саны 3 жарым миллионнан асады.

Хабар 24 телеарнасы