427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия карантин ережелерін бұзғандарды қалай жазалайтынын жариялады

  • 418
  • UPD: 14:26, 26.03.2020

Қаржылай айыппұл, тіпті түрмеге қамайды. Германия пандемия кезінде карантин ережелерін бұзғандарды қалай жазалайтынын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде коронавируспен күрес жолында бірқатар шектеур енгізілген. Мысалы, бір жерде екі адамнан аса жиналуға болмайтыны. Тәртіп бұзғандарға 200 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ал арнайы рұқсат қағазынсыз қарттар үйі немесе госпитальға барған тұрғындар 800 еуроға шығынға батады. Ал ескертуге қарамастан, мейрамхана, асханалар жұмыс істеп тұрса, иелеріне 4 мың еуродан аса айыппұл кесіледі. Фитнес залдар шектеуге көнбесе, 5 мың еуро төлейді. Ең қатал жаза қоғамдық жиын өткізушілерге арналған. Тіпті жиналғандардың саны оннан аспаса да, ұйымдастырушылар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл заң бұзушылықтарды тәртіп сақшылары бақылауда ұстайды.

Лотар Вилер, Роберт Кох институтының президенті:

– Жақсы жаңалықтан бастайық. Германияда бес мыңнан астам адам науқас дерттен құлан таза айығып шықты. Дегенмен коронавирус жұқтырғандар да тіркеліп жатыр. Олардың саны күн санап артып келеді. Бұл эпидемияның басы ғана. Алдағы уақытта тіркелу деректері екі еселенетін болады. Сондықтан енгізілген шектеу мен тыйымдарды орындау өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы