Әлемдегі ең ірі әуе компанияларының бірі – Airbus Еуропа елдеріне 4 миллион бетперде жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қытайдан бағыт алған жүк ұшағы Гамбург әуежайына келіп қонған. Енді миллиондаған масканың бір бөлігі Германияда қалса, қалғаны Испания, Франция және Ұлыбритания елдеріне жіберіледі.
Айта кетейік, мұндай миссияны Airbus компаниясы наурыздың ортасынан бері осымен үшінші рет ұйымдастырып отыр. Және ол алдағы уақытта да жалғасып таппақ.