432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру жоспары ұсынылады

  • 316
  • UPD: 14:13, 15.05.2020
Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру жоспары ұсынылады

Алдағы уақытта пандемия кесірінен зардап шеккен Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру жоспары ұсынылады.

Бұл жайында Еуропарламенттің пленарлық сессиясында Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Еурокомиссия басшысының айтуынша, бағдарлама аясында қарастырылған қаржы коронавирустан ең көп зардап шеккен елдер мен өңірлерге бөлінеді.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Біз экономиканы қалпына келтірудің жаңа стратегиялық құралын жасап жатырмыз. Ол Еуроодақ елдеріндегі негізгі мемлекеттік инвестициялар мен реформаларды қаржыландыруға бағытталған. Біз тұрақты автономияға қажетті өндіріс пен өтімге инвестиция құямыз. Өйткені пандемия кесірінен туындаған дағдарыс кезінде біраз қиналдық. Мәселен, фармацевтикалық салада өзге өңірлерден келетін препараттарға тәуелді болдық. Сондықтан аса маңызды деген дәрілерді өзіміз өндіруге дайын болуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы