418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда нәсілге бөлінуге қарсы ереуілшілер полициямен қақтығысты

  • 191
  • UPD: 23:19, 08.06.2020

Біреу тойып, біреу тоңып секіреді. Қазір әлемде нәсілшілдік пен полицейлердің озбырлығына қарсы ереуілдер басылмай тұр. Таяудағы демалыс күндері Лондоннан маза кетті.

Біріккен Корольдікте ондаған мың адам көшеге шықты. Ереуіл соңы қақтығысқа ұласып, 22 полицей жарақат алды. 41 адам қамауға алынған. 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Алғашқыда бейбіт шеруге шыққан халық Лондонның оңтүстік-батысында орналасқан АҚШ елшілігіне бет алған болатын. Парламент алаңына келгенде олар полицейлермен текетіреске түсті. Тәртіп сақшыларына шөлмек мен отшашу лақтырды. 

- Келер ұрпақ бұдан да жақсы өмір сүруі керек. Қара нәсілділердің әлеуметтік жағдайы жақсаруы керек. Біз де адамбыз! Біздің де құқықтарымыз бар!

Англияның оңтүстік-батысындағы Бристоль қаласында белсенділер 17-ғасырдың құл иеленушісі, әрі парламентариі Эдвард Колстонның құрметіне қойылған мүсінді құлатып, өзенге лақтырып жіберді. 

Айта кету керек, қалада Колстонның есімімен аталған көшелер мен мектеп бар. Назарларыңызға сол бір сәттен үзіндіні және бұл жөнінде Ұлыбритания ішкі істер министрі Прити Пательдің айтқан пікірін ұсынғым келеді. 

Прити Патель, Ұлыбритания ішкі істер министрі:

- Меніңше, бұл өте ұят нәрсе. Қоғамдық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруышылар, шынтуайтына келгенде, мақсаттарынан ауытқығанға ұқсайды. Бұл өте өрескел қылық.

Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Уинстон Черчильдің ескерткіші де вандализмге ұшырады Белсенділер мүсінге «нәсілшіл» деп жазып тастады. Айта кетейік, Черчилль Британияның ұлттық мақтанышы, екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде елді аман алып қалған саясаткер ретінде танымал. Бірақ оны ақ нәсілділерді басқалардан жоғары қойған қатігез мемлекет қайраткері деп айыптайтындар да бар.

Хабар 24 телеарнасы