418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде экологиялық апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 205
Ресейде экологиялық апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ресейдің Норильск қаласының мэрі Ринат Ахметчинге қатысты «Немқұрайлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу комитеті оны жылу электр орталығындағы дизель отыны жылыстағанда тиісті әрекет етпегені үшін айыптап жатыр. Оған сәйкес айыппұл салу, еңбекпен түзеу жұмысы немесе 3 айға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Жақында бұл іске қатысты жылу электр орталығының тағы 3 қызметкері қамауға алынды. Естеріңізге салайық, 29 мамырда Норильск қаласындағы дизель отынын сақтайтын резервуар бұзылып, 21 тоннаға жуық жанармай жерге төгілген еді. Оның 15 мың тоннасы аймақтағы екі өзенге құйылды. Экологтар бұған Арктикадағы ең үлкен экологиялық апат деген баға берді. Ал өткен аптада ел президенті Владимир Путин аймақта төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. 

Хабар 24 телеарнасы