418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде аязға байланысты төтенше жағдай жарияланды

  • 120
  • UPD: 17:47, 09.07.2020

Перудің оңтүстік-шығысында аяз. Мұндай суық бұл өңірде бұрын-соңды болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сықырлаған аяз Титикака көлінің жағасындағы Пуно аймағын да қамтыды. Тәуліктік орташа температура нөлден төмен. Кей жерлерде минус 12 градусты көрсетіп тұр. Өзендерде мұз қатқан. Жергілікті тұрғындар суыққа төзе алар емес. Оның үстіне, Перудің кедей халқы антисанитария жағдайында өмір сүріп жатыр. Ауа райына байланысты билік 72 ауданда төтенше жағдай жариялады.

Педро Эрасмо, Ларакери қаласының мэрі:

– Осы өңірлердегі аяз, яғни ауа райының күрт суытуы Анд тауларының тұрғындарына ауыр тиді. Әсіресе, қарттар мен балаларға қиын болды. Жануарлар да зардап шегуде.

Хабар 24 телеарнасы