418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия Еуроодақта төрағалық етуде

  • 182
  • UPD: 09:36, 10.07.2020
Германия Еуроодақта төрағалық етуде

Германия шілденің басынан бері Еуроодақ кеңесіне төрағалық етіп жатыр. Төрағалық жарты жылға жалғасады.

Мемлекеттің бағдарламасы коронавирус және оның салдарымен күреске бағытталған. Бұл ретте экономиканы қалпына келтіру жағына көп көңіл бөлінбек. Бұл туралы неміс канцлері Ангела Меркель жария етті. Саясаткер Германия мен Францияның ортақ ұсынысы негізінде әрекет етуге шақырды. Бұл бастама Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру үшін 500 миллиард еуро көлемінде қор құруды көздейді. 

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Германияның Еуроодақ кеңесіне төрағалық етуінің басты мақсаты кәрі құрлықты дағдарыстан алып шығу. Сондай-ақ алдағы жарты жылдағы маңызды мәселелердің бірі – бұл Ұлыбританиямен арадағы қарым-қатынас. Әлі айтарлықтай ілгерілеу байқалмайды. Осы ретте күзде келісім-шартқа қол қойып, оны жыл соңына дейін бекітсек деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы