432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясының 84 жастағы королі ауруханаға жатқызылды

  • 276
  • UPD: 18:53, 20.07.2020
Сауд Арабиясының 84 жастағы королі ауруханаға жатқызылды

Сауд Арабиясының королі ауруханаға түсті, хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, оның өт қабы қабынған. 84 жастағы Салман ибн Абдул-Азиз әл-Саудтың денсаулық жағдайына қатысты қолда бар ақпарат әзірге осы. Екі күн бұрын көрші Кувейт әмірінің де ауруханаға түскені белгілі болды. Жергілікті ақпарат құралдары операция жасалып, оның сәтті өткенін хабарлады. Ал, әзірге Кувейт әмірінің қызметін мұрагер ханзада атқарады.

Хабар 24 телеарнасы